Исхан, К. and Сағидолдина, Ж. Еліміздегі жылқы шаруашылығының жетістіктері. Ізденіс. ISSN 1560-1730
Text
Еліміздегі жылқы шар Ізденс жур Исхан К.docx Download (27kB) |
Abstract
Алынған будандарды ұрпақтан ұрпаққа жетілдіре отырып, 1976 жылы көшім жылқы тұқымы болып бекіді.1998 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30-қарашадағы №156-бұйрығы бойынша Мұғалжар жылқы тұқымы апробацияланды. Адай жылқысын жетілдіру нәтижесінде Өрендік, Еңсеген-торы, Қибаскөк, Бекес-торы, Есполай-торы, Есполай-жирен, Ізтұрған зауыттық аталық іздері қаланды. Қазіргі таңда осы адай жылқысының генеалогиялық және генетикалық құрылымдарын қайта зерттей отырып, толық бір тұқым ретінде бекуіне жан-жақты жұмыс жасауды қажет етеді. Алматы облысы Алакөл ауданының таулы аймағында қазақы жылқының найман тұқымдық тобының генетикалық мүмкіншілігін арттыру мақсатында асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жылқылардың дені Алакөл ауданының ЖШС «Тоқжайлау» шаруашылығында шоғырланған. Тағы бір айта кететін жайт, 1888 жылдардан қостанай мекенінде зауыттық атқора ашылуынан басталады. Қазақы жылқының биелерін дон, таза қанды міністі, орлов желісті және стрелец тұқымдарының айғырларымен күрделі будандастыру негізінде алынған ұнамды тип будандарын өзара өсіру барысында спорттық бағыттағы бірінші рет Қазақстанда «қостанай» тұқымы салт-жегінді болып 1951 жылдың 22-ші науырызында И.В. Сталин қолымен КСРО Министрлер Кеңесі қаулысы арқылы бекітілген еді.
Item Type: | Article |
---|---|
Subjects: | Agriculture and forestry Agriculture and forestry |
Depositing User: | Кайрат Жәлелұлы Исхан |
Date Deposited: | 28 May 2018 10:05 |
Last Modified: | 28 May 2018 10:05 |
URI: | http://repository.kaznau.kz/id/eprint/567 |
Actions (login required)
View Item |