Апеев, К. and Манкибаев, А. and Исхан, К. ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ СОЙЫС ӨНІМДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ. In: Вклад молодых ученых в индустриально-инновационное развитие АПК.
Text
Әпеев Қ мақала.docx Download (43kB) |
Abstract
Ауыл шаруашылғында кезек күттірмейтін проблемалардың негізгілерінің бірі – мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы шаруашылығы. Қазақстан Республикамыз үшін, арзан да дәмді жылқы етімен, сүтімен қамтамасыз ететін етті-сүтті жылқы тұқымдарын өсірудің маңызы зор. Алматы облысында өсірілетін 50 мыңнан аса жылқының басым бөлігін (80%) жергілікті қазақы жылқылар құрайды. Қазіргі уақытта осы саланың мүмкіндіктері әлі толық пайдаланылмай келеді. Бұл жағдай жылқы шаруашылығы өнімдеріне деген өсіп жылдары бордақылау, семірту жұмыстары әр шаруашылықта, әрбір жеке шаруа жағдайларында өз мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастырылуда. Бірақ жергілікті қазақ жылқыларының өнімділігі тұрақты бір деңгейде қалып келеді. Қазіргі кезде бұл түліктен алынатын өнімдерінің ішінде, әсіресе, ет өнімдерінің үлесі басым. Сондықтан жергілікті малдардың жалпы өнімділігін,оның еттілік қасиеттерін жақсартудың үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-жергілікті қазақы жылқыларды мұғалжар зауыттық тұқымдарымен будандастыру. Себебі, бұл жылқы тұқымдары облыста аудандастырылған, әрі жекеленген өнімділік көрсеткіштері жергілікті малдардан жоғары. Бірақ Алатау бөктерінде өсірілетін осы негізгі жылқы генотиптерінің будандастырылуы, ұрпақтарының сойыс өнімдерін салыстырмалы түрде бағалау және ветеринариялық санитариялық сараптау, еттілік қасиеттері ғылыми тұрғыда әлі толық анықталмаған. Осы себеп біздің зерттеу жұмыстарымыздың бағытын айқындауға негіз болды. Кілт сөздер Генотип, жылқы, физиология, морфология, биохимия, категория, гликоген.
Item Type: | Conference or Workshop Item (Paper) |
---|---|
Subjects: | Agriculture and forestry Agriculture and forestry |
Depositing User: | Кайрат Жәлелұлы Исхан |
Date Deposited: | 28 May 2018 10:05 |
Last Modified: | 28 May 2018 10:05 |
URI: | http://repository.kaznau.kz/id/eprint/565 |
Actions (login required)
View Item |